Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету



Ст. 25 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339



1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган беретін қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339