Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті



Ст. 29 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339



Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасаудың бірыңғай ережелерін әзірлейді, қаруды абайлап ұстау ережелерін білетіндігіне тексеру жүргізетін ұйымдар үшін бағдарламалар дайындайды;

2) азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

3) мыналарға:

 азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;

 азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді;

4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;

4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар береді;

5) алып тасталды

6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының Мемлекеттiк кадастрын әзiрлейдi және бекiтедi;

7) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

8) криминалистiк талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн әзiрлейдi;

8-1) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

8-2) криминалистiк талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекiтедi;

8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;

8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды;

8-5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тәртібін белгілейді;

8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

7-тарау. Қорытынды ережелер


Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339