Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
7-4-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауiпсiздiк талаптары



Ст. 7-4 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339



1. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру, жинау және қайта жасау кезiнде жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн сақтау және қауiпсiздiктiң сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.

Егер азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.  

2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын бұза отырып өткiзуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.  
2-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның
патрондарының мемлекеттік кадастры және
оларды сертификаттау

Статья 1 ...7-2 7-3 7-4 8 9 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-4-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339