Ст. 6 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
6-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мазмұны мен мәні
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мазмұнын: 1) мониторинг объектілерін басқарудың жай-күйі мен тиімділігін қадағалау;
2) мониторинг нысанасы бойынша ақпаратты жинау және жүйелі талдау;
3) мониторинг объектілерін тікелей зерттеу;
4) объектілердің қаржылық, экономикалық, құқықтық, технологиялық, өндірістік-техникалық, экологиялық жай-күйін талдау;
5) мониторинг объектілерін басқару тиімділігін бағалау және мониторинг объектілері қызметінің сала, өңір және тұтас алғанда республика экономикасының дамуына әсерін болжау;
6) жекелеген мониторинг объектілерінің қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу құрайды.
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына:
1) өндірістің серпіні мен құрылымы;
2) мониторинг объектілерінің қаржылық және экономикалық жай-күйі;
3) мониторинг объектілерінің негізгі құралдарының жай-күйі, өндіріске озық технологияларды енгізу;
4) инвестициялық қызмет;
5) экологиялық талаптарды сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
6) еңбек ресурстарын пайдалану;
7) мониторинг объектілерінің мәртебесі мен жұмыс істеуіне қатысты құқықтық мәселелер жатады.
Добавить комментарий к 6-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490