Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
9-бап. Ойыншықтардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар



Ст. 9 Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



Ойыншықтардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:  

1) ойыншықтар мен олардың бөлшектерінің, сондай-ақ қозғалмайтын ойыншықтар жағдайында олардың тірегінің пайдаланған кезде өздеріне түсетін салмақты деформацияланбай көтеруге жеткілікті механикалық сенімділігі мен беріктігі болуға тиіс;  

2) ойыншықтардың шеттері, дөңестері, баулары, сымдары мен бөлшектерін біріктіруге арналған жарақтары, оларды қолдану нәтижесінде дене жарақатын алу қатері барынша аз болатындай қысқартылып құрастырылуға және дайындалуға тиіс;  

3) ойыншықтар ойыншықтардың бөлшектерінің қозғалысы салдарынан туындауы мүмкін дене жарақатының қатері барынша аз болатындай етіп құрастырылуға тиіс;  

4) үш жасқа толмаған балалардың пайдалануына арналған ойыншықтар мен олардың құрамдас бөліктері, сондай-ақ ойыншықтардың басқа да бөлініп алынатын бөлшектері оларды жұтып қоюға болмайтындай көлемде болуға тиіс;  

5) баланы судың бетінде қалқытып ұстап тұруға арналған ойыншықтар ойыншықтың механикалық бұзылуы немесе аударылып кетуі салдарынан баланың суға бату қатерін мүмкіндігінше азайтатын етіп құрастырылуға және дайындалуға тиіс;  

6) пайдаланушы ішіне кіре алатын, көлемі тұйықталған ойыншықтар герметикалық болмауға және ойыншықтан кедергісіз шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;  

7) механикалық қозғалысқа арналған ойыншықта үдемелі кинетикалық энергияға сәйкес тежеуіш жүйесі болу керек, оны пайдалану пайдаланушыға құлап түсу немесе дене жарақатын алу қатерін болғызбауға тиіс;  

8) ойыншықтың нысаны мен композициясы, сондай-ақ кинетикалық энергиясы пайдаланушыны немесе үшінші адамдарды дене жарақатының қатеріне ұшыратпауға тиіс;  

9) ойыншықтардың ішіндегі сұйықтар мен газдар аққан жағдайда пайдаланушының немесе үшінші тұлғаның дене жарақатын алуы мүмкін температураға және (немесе) қысымға дейін жетпеуге тиіс.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306