Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi



Ст. 13 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474



Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және  ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

 РҚАО-ның ескертпесі!

13-бапты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;

4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 13-1 14 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474