Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi



Ст. 6 Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байл 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126



1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн жүргiзіледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi. 

1-1. Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:

егер жәрдемақының тағайындалған мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, осы Заңның 12 және 16-баптарында көзделген мөлшерлерде;

осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес көлемде төленеді.

Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар осы Заңның 12 және 16-баптарына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде төленеді.

Жәрдемақылардың тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды. 

1-2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді. 

1-3. Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады. 

2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.  

3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінан уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомасы мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін біржолғы төленеді. 

3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 

4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.04.05 № 366; 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.04. № 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.03.2014 № 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байл 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126