Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
22-бап. Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы кемелерді өткізу



Ст. 22 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



Ерекше жағдайларда Мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді Қазақстан Республикасы тиісті аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдары әуежайлардың немесе әуеайлақтардың, теңіз немесе өзен порттарының әкімшілігімен бірлесіп, кейіннен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесін хабардар ете отырып:

1) халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан арнайы халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелеріне;

2) халықаралық ұшуды орындайтын, белгіленбеген орындарда мәжбүрлі түрде қонуды жүзеге асырған қазақстандық және шетелдік әуе кемелеріне;

3) халықаралық тасымалдауды орындайтын қазақстандық кемелерге және мұз үстімен жылжитын құралдарға, айлақтарға, кемежайларға не қазақстандық жағаға жүзіп келген, Қазақстан Республикасының өткізу пункттері жоқ теңіз және өзен порттарына (рейдтеріне) мәжбүрлі түрде кіруді жүзеге асырған шетелдік (суүсті және суасты) кемелерге, шетелдік әскери корабльдерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты жүзеге асырады.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V