Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
34-бап. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау



Ст. 34 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды жете тексеруді белгіленген және арнайы жабдықталған орындарда (тәуліктің кез келген уақытында, қажет болған жағдайда көлік ұйымы белгілеген көлік құралының кету уақытына қарамастан, оның ішінде қайтадан жете тексеруді) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүргізеді.

2. Кеден одағына мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарада көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

3. Арнайы рұқсаттамалар ресiмделген, пломба салынған (мөрленген) вагондар, контейнерлер, автомобильдер, трюмдер және көлік құралдарының өзге де үй-жайлары, сондай-ақ жүктер мен тауарлар, егер орамасының, мөрлерінің, пломбаларының бүтіндігі бұзылған болса, сондай-ақ оларда бөгде адамдарды жасыру белгілері болған жағдайларда, жете тексеру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша ашылады.

 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V