Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
52-бап. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзу



Ст. 52 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Осы Заңда белгіленген:

1) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу;

2) аумақтық суларда (теңізде) және iшкi суларда, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу тәртібін бұзу аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзу болып танылады.

2. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, сондай-ақ осы тарауда көрсетілген өзге де уәкілетті органдар осы Заңға сәйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады. 
7-тарау. КОНТИНЕНТТІК ҚАЙРАҢ РЕЖИМІ

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V