Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыреті



Ст. 69 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:

1) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады;

3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;

4) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...68 68-1 69 70 71 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 69-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V