Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату



Ст. 9 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.

2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік шекара:

1) құрлықта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;

2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiзiнiң) сыртқы шегі бойынша;

3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша;

4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда – олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде және өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген су айдындарын қоспағанда) – Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашықтықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады.

Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi;

5) су тораптарының су қоймаларында және өзге де жасанды су айдындарында – су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сәйкес;

6) өзендер, жылғалар, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда және өзге де құрылыстарда – Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V