Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы

Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы
8-бап. Салым шартының талаптары



Ст. 8 Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V



1. Салым шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) шарттың нысанасы;

2) бастапқы біржолғы жарна мөлшері;

3) шарттың қолданылу мерзімі;

4) қатысушы банк сыйақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

5) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;

6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

7) салымшының операторға банк құпиясын ашуға жазбаша келісімі;

8) тараптардың жауаптылығы;

9) шартты бұзу талаптары;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де ережелер.

2. Білім беру жинақтау салымы теңгемен ашылады.

3. Білім беру жинақтау салымын ашу үшін бастапқы ең төменгі біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.

4. Қатысушы банк салым шартын жасасқан кезде білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды салудың ұсынылатын кезеңділігін және олардың мөлшерін есептейді.

5. Салымшының шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардан жарналар салынуы мүмкін.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V