Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы



Ст. 1 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72




1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

3. Осы Заңның 2-бабында көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде осы Заңның негізінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 1-1 1-2 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72