Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы

Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның құзыреті



Ст. 7 Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 146




1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде үш жылдық кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекітеді;

3) уәкілетті органды айқындайды;

4) уәкілетті ұйымды айқындайды;

4-1) операторларды айқындайды;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

2. Уәкілетті орган:

1) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;

2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;

3-1) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

3-2) басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілермен келісу бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;

4) салааралық үйлестіруді және қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4-1) қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді жəне бақылайды;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...11 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 146