Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
44-бап. Қазыналық кәсiпорын мен оның меншiк иесiнiң  жауапкершiлiгi



Ст. 44 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк етуiндегi ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорынның қалған мүлкiн өндiрiп алуға осы кәсiпорын таратылғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi. 2. Қазыналық кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болса, оның мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көтередi.

Қазыналық кәсiпорынның шарттық мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тек мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде ғана субсидиарлық жауапкершiлiктi көтередi. 4. Таратылған қазыналық кәсiпорынның мүлкi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғылары осы кәсiпорын мүлкiнiң меншiк иесi есебiнен талаптың қалған бөлiгiн қанағаттандыру туралы сотқа талап қоюға құқылы. 5. Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi толық көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi көтередi.

Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.12.16 N 320, 1999.11.04 N 472 Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 44-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы