Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
49-бап. Еншiлес кәсiпорындарды құрудың тәртiбi



Ст. 49 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкiлеттi орган мен монополияға қарсы органның келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен құрылады.

Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкiлдi орган мен монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның рұқсатымен құрылады. 2. Негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынның құрылтайшысы болады. 3. Еншiлес кәсiпорынның жарғысын оның құрылтайшысы (негiзгi кәсiпорын) өзiнiң жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша бекiтедi. 4. Еншiлес кәсiпорын басқа еншiлес кәсiпорын құруға құқылы емес.

Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323, 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...47 48 49 50 51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 49-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы