Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 9-1 Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы
9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады. 

2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді. 

3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады. 

Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...8 9 9‑1 10 11 ...13

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-1-бап Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63