Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы
13-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар



Ст. 13 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V




1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен жария талқылануға жатады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...11-1 12 13 14 15 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V