Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі шешімдерді орындайтын органдар



Ст. 39 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы



Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелер жөнiндегi шешiмдердiң орындалуы құжаттандыру және паспорттар мен жеке бас куәлiктердi беру жөнiндегi уәкiлеттi органға , басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiне жүктеледi.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәлiктердi беру жөнiндегi уәкiлеттi орган, не шетелдегi мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа қатыстылығы туралы жазба жасалады.

Қазақстан Республикасында тұратын, азаматтығы тоқтатылған адамдарға iшкi iстер органдары азаматтығы жоқтығы туралы куәлiк бередi.

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы