Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
31-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту



Ст. 31 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Салымшының сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi өз үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға беруi, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

Үлесi басқа салымшыларға, толық серiктестерге немесе үшiншi тұлғаларға берiлген кезде сенiм серiктестiгiнен шыққан салымшыға тиесiлi барлық құқықтар мен мiндеттер жиынтығы осымен бiр мезетте соларға өтедi.

2. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серiктестiкке қатысудан бас тарту жөнiнде мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.

Салымшы өзiнiң сенiм серiктестiгiне қатысудан бас тартуын, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.

Салымшы сенiм серiктестiгiнен шыққан жағдайда осы Заңның 17-бабында қарастырылған салдар күшiне енедi.

3. Кредитордың (кредиторлардың) серiктестiктiң мүлкiндегi салымшының үлесiне өндiрiп алуды қолдану тәртiбi осы Заңның 20-бабында белгiленедi.

4. Толық серiктестер серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерiнiң мүлiктiк жарнасын толық салмаған жағдайда бiр немесе бiрнеше салымшыны толық серiктестердiң барлығының бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша сот тәртiбiмен шығарылуын талап етуге құқылы.

Сенiм серiктестiгiнен шығарылған салымшыға, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiктiң жарғылық капиталына енгiзген салымдарының сомасы төленедi.

Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталына ешқандай салым енгiзбесе, онда серiктестiктiң құрылтай құжаттарында салымдар енгiзу үшiн белгiленген мерзiм бiткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiкке мүшелiгi доғарылады.

5. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы - заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серiктестiк салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255