Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
36-бап. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi



Ст. 36 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Сенiм серiктестiгi осы Заңның 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, сол сияқты одан барлық толық серiктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.

Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады.

2. Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы.

3. Егер сенiм серiктестiгiнде толық серiктестер ғана немесе салымшылар ғана қалса, онда олар осы Заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген iс-әрекеттi жасауға құқылы.

4. Сенiм серiктестiгi таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуда толық серiктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенiм серiктестiгiнiң осыдан кейiн қалған мүлкi, егер құрылтай құжаттарында өзге тәртiп белгiленбесе, толық серiктестер мен салымшылар арасында олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне барабар бөлiнедi.  
III-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
37-61-баптар 

Ескерту. III және IV тараулар алынып тасталды, V тарау III тарау болып саналды, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелдi - ҚР 1998.04.22 N 221 Заңымен.

Ескерту. III(V) тарау және 37-61 баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10 N 282 Заңымен.


Статья 1 ...34 35 36 62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255