Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
14-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық- инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру



Ст. 14 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.

2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.

3. Лизингтік қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV