Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Өсiмдiктер карантинi туралы
10-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру

1. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 23), 24) және 26) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. 

2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау, көлік құралдарын қарап-тексеру, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық шаралар жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкінің сақталуына бағытталған. 

3-1. Карантинді объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу, карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау үшін аумақты және объектілерді зерттеп-қарау мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:  

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бұрын тіркелмеген карантинді объект және (немесе) бөтен текті түр анықталған; 

шекара маңындағы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және шекара маңындағы мемлекеттер аумағының карантиндік фитосанитариялық жай-күйінің нашарлағаны туралы ақпарат келіп түскен; 

карантинді объектінің және (немесе) бөтен текті түрдің, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімнің партиясында анықталу фактілері туралы нотификациялар, карантиндік ақпар, хабарлама, дабыл хабар, сараптамалардың нәтижелері келіп түскен; 

карантинге жатқызылған өнімді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды. 

4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері: 

1) ақпараттық жүйелердегі; 

2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы; 

3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін; 

4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді. 

Қызметі карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады. 

Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мақсаттары болып табылады. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. 

Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;  

2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 

3) электрондық тәсілмен – сұрау салу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күні, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс. 

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай айқындалады. 

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар 

Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз), материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. 

Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. 

Нысанды киiммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді. 

2. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуіне құқығы бар. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 379-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері 

Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері мыналар болып табылады: 

1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм; 

2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар; 

3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары; 

4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi; 

5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін, зарарсыздандыратын және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер; 

6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері; 

7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9‑1 9‑2 10 11 12 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться