Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты



Ст. 1 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Осы Заң нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін айқындайды. Заң Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV