Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ғарыш қызметi туралы
17-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін пайдалану



Ст. 17 Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV



1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ғарыш түсірілімдері арқылы ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және қорғаныс міндеттерін шешу мақсатында Жер беті және жер беті құрылымы туралы кеңістіктік деректерді жинауға, жаратылыстық табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогендік факторлар мен түзілімдердің сипаттамасын және уақытша құбылмалылығын сипаттауға арналған. 

2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен ғарыш түсірілімдерін жоспарлайды, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алады, өңдейді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына таратады. 

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV