Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ғарыш қызметi туралы
19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы



Ст. 19-1 Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV



1. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам. 

2. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері: 

1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді; 

2) байланыс, оның ішінде ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсетеді; 

3) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ғарыш аппараттары транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ғарыш аппараттарының қамту аймақтарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Статья 1 ...18 19 19-1 19-2 19-3 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-1-бап Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV