Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кредиттiк серiктестiктер туралы

Кредиттiк серiктестiктер туралы
4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары



Ст. 4 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.

2. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:

1) кредиттiк серiктестiкке кiру кезiнде төленуге тиiстi мiндеттi салымның ең төменгi мөлшерi;

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндеттi салымды салу тәртiбi мен шарттары;

3) кредиттiк серiктестiктiң таза кiрiсiн, қатысушылар салған міндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып бөлу тәртiбi болуға тиiс.

3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:

1) кредиттiк серiктестiктiң фирмалық атауы мен орналасқан жерi;

2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi;

3) кредиттiк серiктестiкке қатысу тәртiбi мен шарттары;

4) кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;

5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарнаны салуы мен алып қоюының тәртібі, шарттары;

6) кредиттiк серiктестiк органдары туралы ережелер, шешiмдер қабылдау, соның iшiнде кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына қатысушылар және өкiл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын басым көпшiлiгi қажет болатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;

7) кредиттiк серiктестiк органдарының арасындағы құзыреттi бөлу;

8) кредиттiк серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртiбi;

9) кредиттiк серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

10) кредиттiк серiктестiктiң резервтiк капиталын құру және пайдалану тәртiбi болуға тиiс.

4. Кредиттiк серiктестiк уәкiлеттi органға кредиттiк серiктестiктiң жарғысына енгiзiлген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы олар қабылданған күннен бастап бiр айдың iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу

Статья 1 2 3 4 5 6 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400