Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы
11-бап. Соғысқа қатысушыларға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер



Ст. 11 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жең 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247




Соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:  

1. Егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бiрiншi кезектi пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, оларды бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етедi.  

2. Тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серiктестiктерге) бiрiншi кезекте кiру құқығын иеленедi.  

3. Жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқын иеленедi.  

4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқығын иеленедi.  

5. Коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өзi тұрып жатқан пәтерлерi осы Заңның 17-бабында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiгiне берiледi.

6-8. Алып тасталды. 

9. Соғысқа қатысушылар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылмайды.  

10. Бау өсiретiн серiктестiктердiң мүшелерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бау үйлерiн сатып алуға және салуға, бау учаскесiн көркейтуге жеңiлдiктi шарттар негiзiнде несие алу құқығын иеленедi.  

11. Бау өсiретiн серiктестiктерге (кооперативтерге) кiруге артықшылық құқығы болады.

12. Алып тасталды. 

13. Байланыс қызметкерiнiң барлық түрiн кезектен тыс пайдалануға құқылы.

14-17. Алып тасталды. 

18. Жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекiтiлген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де пайдаланады.  

19. Амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады.  

20. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн бiлiктi медициналық көмек.  

21. Протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету.  

21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

22. Алып тасталды. 

23. Жыл сайынғы кезектi демалысын өзiне қолайлы уақытта пайдаланады, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы.  

24. Жалпы сырқаттануы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша күнтiзбелiк жылда қатарынан төрт айға немесе бес айға дейiн жәрдемақы алады.  

25. Жұмыс стажына қарамастан жалақысының 100 процентi мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алады.

26-29. Алып тасталды. 

30. Моншаларға, мәдени ойын-сауық немесе спорт шараларына, шаштараздарға осындай қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiппен бiрiншi кезекте және тегiн барады.  

31. Интернат-үйлерге бiрiншi кезекте және тегiн орналастырылып, әлеуметтiк қызметтiң аумақтық орталықтары мен бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiледi.  

32. Отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жерлеуге арналған жәрдемақы берiледi қайтыс болған /қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/.  

33. Соғысқа қатысқан жалғызiлiктi адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметi салт-жоралар рәсiмiн қолдана отырып жерлейдi.  

34. Салық салу жеңiлдiктерi қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1997.06.19 N 134-I, 1999.04.07 N 374, 1999.11.16 N 482, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жең 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247