Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы
15-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер



Ст. 15 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жең 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247




Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-21, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына, 14-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтер телефонын пайдалану жөніндегі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.  

1. I және II топтардағы мүгедектерге олардың қалауымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында темiржол көлiгiмен жылына бiр рет тегiн жол жүру (бару, қайту), әуе, су немесе қалааралық автомобиль көлiгiмен жол құнының 50 процентi мөлшерiнде шегерiм жасалып жол жүру құқы берiледi.

III топтағы мүгедектер үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында жылына бiр рет қалааралық көлiктiң барлық түрлерiмен жол жүру (бару, қайту) құнынан 50 процент шегерiм жасалды.

Қалааралық жол жүру төлемiнен жылына бiр рет жасалатын 50 проценттiк шегерiмнiң орнына олардың қалауы бойынша екi жылда бiр рет тегiн жол жүруге (бару, қайту) рұқсат етiледi.  

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жалпы белгіленген стипендия мөлшерінен 50 процентке жоғары мөлшерде стипендия төленеді.  

3. Ұрыс қимылдарында немесе әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған адамдар осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi.

4-7. алынып тасталды

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.07 N 374, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жең 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247