Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Магистральдық құбыр туралы
17-бап. Құбырды жұмыс істеп тұрған магистральдық құбырға жалғау



Ст. 17 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы



1. Құбырды жұмыс істеп тұрған магистральдық құбырға жалғау магистральдық құбырдың меншік иесі мен жалғанатын құбырдың меншік иесі арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. Егер магистральдық құбыр оператордың басқаруында болған жағдайда, оператор магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімімен осындай шарттың тарапы бола алады.

2. Құбырды магистральдық құбырға жалғауға байланысты шығыстарды жалғанатын құбырдың меншік иесі көтереді.

3. Жалғанған құбырды жедел-диспетчерлік басқаруды оның меншік нысанына қарамастан, ол жалғанған магистральдық құбырдың операторы орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

4. Жалғанған құбырдың меншік иесі оны пайдаланудан шығару немесе оның жұмыс режимін өзгерту қажет болған жағдайда, магистральдық құбырдың меншік иесін бұл туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуге міндетті.

5. Магистральдық құбырдың меншік иесінің немесе осы баптың 1-тармағына сәйкес ол уәкілеттік берген оператордың, егер:

1) магистральдық құбырдың өткізу қабілеті жалғанатын құбырдың меншік иесі мәлімдеген өзінің сапа параметрлері бойынша пайдалану талаптарына сәйкес келетін өнім көлемін тасымалдауға мүмкіндік берсе;

2) тасымалдануға жататын өнім техникалық регламенттер талаптарына сай келсе;

3) жалғанатын құбырдың меншік иесі тасымалданатын өнімді есепке алу және бақылау талаптарының, сондай-ақ осындай жалғану үшін магистральдық құбырдың меншік иесі белгілеген техникалық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенсе, құбырды жалғау туралы шарт жасасудан бас тартуына жол берілмейді.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы