Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкімін қызметке тағайындау, қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі

Ст. 32 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы әкімін:  

осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды;  

облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.  

2. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:  

осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі қызметке тағайындайды;  

облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.  

3. Республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмін:  

осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі қызметке тағайындайды;  

республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкiлеттiгiн тоқтатады және қызметтен босатады.  

4. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмiн Қазақстан Республикасының Президенті өзінің ұйғаруы бойынша қызметтен босатуы мүмкін. 

Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...41

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148