Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астана халықаралық қаржы орталығы туралы

Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ



Осы Конституциялық заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

2) қор биржасы – Орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

3) лицензиялау – лицензияның болуын талап ететін қызметті Орталықтың аумағында жүзеге асыруға рұқсат берумен байланысты іс-шаралар кешені;

4) Орталықтың актісі – Орталықтың органы қабылдаған, Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының, және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін жазбаша ресми құжат;

5) Орталық қатысушылары – Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ Орталық аккредиттеген өзге де заңды тұлғалар;

6) Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскері – Орталық қатысушысымен немесе органымен еңбек қатынастарында тұратын, міндеттеріне Орталық қатысушысының немесе органының негізгі міндеттерін және мақсаттарын іске асыру кіретін жеке тұлға;

7) Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің отбасы мүшелері – Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) және олардың он сегіз жасқа толмаған балалары.

Статья 1 2 3 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ