Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы
7-бап. Төрешiлер



Ст. 7 Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы от 28 декабря 2004 года N 23



1. Iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға келiсiм берген, жасы жиырма беске толған және жоғары бiлiмi бар жеке адам төрешi болып сайланады (тағайындалады).

2. Дауды жеке-дара шешетiн төрешiнiң жоғары заң бiлiмi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда төрелiк төрағасының жоғары заң бiлiмi болуға тиiс.

3. Төрешiлiкке кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар тараптармен тiкелей келiсiлуi немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік регламентiнде айқындалуы мүмкін.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен құзыреттi сот судьясы сайлаған немесе тағайындаған;

2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен құзыреттi сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген;

4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн тұрақты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақысы төленетiн, жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам төрешi бола алмайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.02.05 249-IV Заңымен.

Статья 1 ...6 6-1 7 8 9 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы от 28 декабря 2004 года N 23 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы от 28 декабря 2004 года N 23