Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер



Ст. 8 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54



Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтiнiн қабылдау, сондай-ақ қол қою туралы және осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешiмдердi тиiстi актi түрiнде: 

1) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

Халықаралық шартқа қол қою туралы тиiстi актi, егер мұндай халықаралық шартқа Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын немесе бұл халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президентi шартқа тiкелей қол қояр алдында, басқа лауазымды адамға табыстаған, соның iшiнде ауызша табыстаған жағдайда, қабылданбайды; 

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты, соның iшінде өз атынан осы актiлердi жасасу өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларына немесе олардың орынбасарларына беру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Үкiметi; 

3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54