Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы
2-бап. Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар



Ст. 2 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28



Әкiмшiлiк қадағалау:

а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар үшiн;

б) егер жазаны өтеу кезiнде олардың мiнез-құлқы түзелу жолына мүлдем түскiсi келмейтiнiн және қоғам үшiн қауiптi күйiнде қалып отырғанын дәлелдесе, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған;

в) егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртiптi және басқа азаматтардың құқықтарын үнемi бұзатын болса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған жазасын өтеген адамдарға орнатылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.10.30 № 350, 2005.07.08 № 67 (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 № 240; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 28