Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



Ст. 30 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV




1. Осы Заң, шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде 20-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 20, 153-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 24, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  


Қазақстан Республикасының
Президентi 
Н. НАЗАРБАЕВ 

 


Статья 1 ...28 29 30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV