Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері



Ст. 22 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ




Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай деректемелері болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихат шешiмi; әкiмдiк қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссиясының қаулысы және осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;

3) нормативтiк құқықтық актiнiң реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күні;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

7) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттiк тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;

8) елтаңбалы мөр.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ