Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
13-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн Еңбек өтілін есептеу



Ст. 13 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

4) мемлекеттiк қызмет;

 РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) кәсiпкерлiк қызмет;

6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

 РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

7) атом сынақтары, экологиялық зілзалалар салдарынан зардап шеккен немесе адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратын 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;

8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;

11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

 РҚАО-ның ескертпесі!

13) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;

 РҚАО-ның ескертпесі!

14) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

14) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның қызметкермен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңi;

15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;

16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;

 РҚАО-ның ескертпесі!

17) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

17) әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыт – әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмдерiн есептеу үшiн белгiленген тәртiппен;

2) әскери бөлiмдердегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екi есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс – үш есе мөлшерде;

4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйек пен 1944 жылғы 27 қаңтар аралығындағы қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты – екi есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты – екi есе мөлшерде;

6) қылмыстық жауапқа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеген, арнаулы қоныстандыру орындарында бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты – үш есе мөлшерде;

7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шiлде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет – үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлде мен 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет – бiр жарым есе мөлшерде;

8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi инфекциялық аурулар мекемелеріндегi жұмыс – екi есе мөлшерде, сот медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыстар тiзбесi бойынша – бiр жарым есе мөлшерде;

9) су көлiгiндегi толық навигациялық кезең iшiндегі жұмыс бiр жылғы жұмыс болып есептеледi;

10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.

 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 14-1 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V