Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі

Ст. 26 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

2. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады. 

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды. 

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...74

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V