Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар



Ст. 1 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Осы Заң, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасы банктерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерiнiң (қаржы институттарының) арасында жүзеге асырылатын халықаралық ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi. Егер халықаралық ақша төлемдері мен аударымдары бойынша әрекеттерге Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық жасалса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аталған шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237