Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу



Ст. 16-3 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278



Бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алуға жатады.

Асыл тұқымды малдың саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.

Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.

Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.

Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша асыл тұқымды малдың жеке карточкасын немесе асыл тұқымдық куәлігін ресімдейді.

 Ескерту. 16-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...16-1 16-2 16-3 16-4 16-5 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-3-бап Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278