Ст. 16 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2-1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ашық көздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізіледі.
Асыл тұқымдық орталықтар мен дистрибьютерлік орталықтар, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалар, республикалық палаталар бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, бұл табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
Ұсыным табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық бөлімшелерін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынымның орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай, бірақ айына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;
5) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
7-1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беруге және олардың орындалуын бақылауға құқылы;
8) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?
Помогите пожалуйста
Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет
Добрый день !
Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях
Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге
Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию
Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире
Спасибо !
Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка
"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"
Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:
По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей