Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану



Ст. 17 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278



 1. Өнiм (материал) егер:

1) республикалық палата берген асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі және асыл тұқымдық куәлігі немесе асыл тұқымды малдың жеке карточкасы болған;

2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;

3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;

4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған жағдайларда, асыл тұқымдық деп танылады.

2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...16-4 16-5 17 18 19 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278