Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Почта туралы
15-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату



Ст. 15 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ



 1. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату жөніндегі қызметтерді ұсынуды пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

 2. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сатуды пошта операторы Қазақстан Республикасында таратылатын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырады.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...46 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ