Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Почта туралы
9-бап. Пошта саласындағы қызмет



Ст. 9 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ



 1. Қазақстан Республикасында пошта саласында мынадай қызмет түрлері:

 1) пошта қызметі;

 2) осы Заңға сәйкес пошта саласындағы өзге де қызмет қолданылады.

 2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады:

 1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

 2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

 3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері;

 4) пошталық ақша аударымдары;

 5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер;

 6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

 7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

 8) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;

 9) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланыста ұсынылатын өзге де көрсетілетін қызметтер.

 3. Пошта саласындағы өзге де қызметке:

 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк операциялары, қаржылық көрсетілетін қызметтер;

 2) тауарларды (жүктерді) тасымалдау, өңдеу, қоймаға жинау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;

 3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тапсырма және (немесе) комиссия шарты жағдайларында заңдық әрекеттерді жасау;

 4) зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жеткiзу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...46 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ