Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға; 

1-1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс; 

1-2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

1-3) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы; 

1-4) жаңартылатын энергия көздерi – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын; 

2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; 

Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; 

2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары; 

3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф; 

4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға. 

5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар; 

7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы – жаңартылатын энергия көздері пайдаланыла отырып, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған технологиялық және қосалқы жабдық; 

8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым; 

8-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері – электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері; 

9) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке-дара тұтынушылардың Қазақстанда өндірілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі; 

9-1) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері – қазақстандық өндірушілер өндіретін және: 

Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын; 

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері; 

9-2) резервтік қор – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген, шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясы үшін олардың тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады; 

10) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф; 

11) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

11-1) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы; 

12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке-дара тұтынушы (бұдан әрі – жеке-дара тұтынушы) – электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; 

13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған жалпы белгіленген қуаты бір жүз киловаттқа дейін беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға; 

14) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...12 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV