Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы
5-бап. Шекара қызметiн басқару, қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету



Ст. 5 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы



1. Шекара қызметiне тiкелей басшылықты және оны басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Шекара қызметiнiң Директоры жүзеге асырады. Шекара қызметiнiң Директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары болып табылады.

2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен құрылатын Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрамалар, авиациялық, теңiз, арнаулы және басқа да бөлiмдер.

3. Шекара қызметi штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтуға көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.07.10 N 338 Заңымен , өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 5-1 6 ...12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы