Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары



Ст. 31 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І




1. Сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарына сәйкес бір кісілік камераларда ұсталады.  

2. Күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераға бір тәуліктен астам мерзімге орналастыруға жол беріледі. Сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мынадай жағдайларда:  

1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде;  

2) сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да сезіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;  

3) сезіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;  

4) сезіктілер мен айыпталушылардың түнгі уақытта бір кісілік камераларға орналастыру кезінде, егер күндіз олар жалпы камераларда ұсталса, прокурордың санкциясы талап етілмейді.  

3. Сезіктілер мен айыпталушылардың басқа камераларда немесе күзетте ұстау орындарының өзге де үй-жайларында ұсталатын сезіктілермен және айыпталушылармен сөйлесуіне, оларға қандай да болсын нәрселер беруіне және хат жазысуына жол берілмейді.  

4. Сезіктілер мен айыпталушылардың бостандықта жүрген адамдармен сөйлесуі, қандай да болсын нәрселер беруі және хат жазысуы осы заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.  

5. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары сезіктілер мен айыпталушыларды олар күзетте ұсталатын жерлерден тыс жерлерге ауыстырылған кезде сақталуға тиіс.


Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І