Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
50-бап. Қоғамдық бақылау



Ст. 50 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 

2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады. 

3. Қоғамдық бақылау комиссиялары арнаулы мекемелердің әкімшілігіне оларда ұсталушы адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында жәрдемдесуге құқылы. 

4. Қоғамдық бақылау және қоғамдық бақылау комиссияларының арнаулы мекемелер әкімшілігінің қызметіне жәрдемдесуі еріктілік, тең құқылық және заңдылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. 

5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді. 

Ескерту. Заң 50-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...48 49 50 51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 50-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І